Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 маусым 2023

723

Жаңалықтар

Қостанай облысы: "QARASU ET" қасапханасы сертификатталды

 «Халал Дамудың» Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Әлішер Балахмет «QARASU ET» қасапханасына «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын ҚМДБ халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы,  малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.

Сертификаттың мерзімі 06.06.2024 дейін жарамды.

Бөлісу: