Қостанай облысы: тексерістер жүргізілуде
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Халал Даму стандарттау және сертификаттау орталығы басшысы Айбек Асқарбекұлы мен Қостанай облысы бойынша жауапты қызметкері Алишер Балахмет Қостанай облысындағы «QMDB HALAL» сертификатына сәйкес өнім өндіруші кәсіпорындарда кезектен тыс бақылау шараларын жүргізуде.
Қостанай облысы Қарабалық ауданында орналасқан «Terra meat» ЖШС қасапханасы және «Poultry Agro» ЖШС құс фабрикасы тексерілді. Рудный қаласында орналасқан «КОКО» сауда белгісімен танымал «Жас-Канат 2006» ЖШС жұмыртқа өндірісі тексерілді. Аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өнідіру барысындағы тазалық мәселелері жөнінде айтылды.
Аталмыш кәсіпорындар халал стандарттарына сай екенін мәлімдейміз. Халал Дамудың тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.