Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 ақпан 2023

54

Жаңалықтар

Қостанай облысында бақылау шаралары жүргізілуде

Қостанай облысында бақылау шаралары жүргізілуде

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы басшысы Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы Жанар Мұратқызы және Қостанай облысы бойынша жауапты қызметкері Алишер Балахмет Қостанай облысындағы «QMDB Halal» сертификатына сәйкес өнім өндіруші кәсіпорындарда кезектен тыс бақылау шараларын жүргізуде.

Мамандар тарапынан жүргізілген тексеріс барысында өңірдегі 20 кәсіпорын өндірісі қадағаланды. Атап айтқанда, «Хан Сарай», «Муслима», «Зәм Зәм», «Turkish kebab house» дәмханалары, «Happy Cake» кондитерлік өнімдері, «Terra Meat» ет дүкені, «Бауырсақ», «Север Ет», «Айша», «Торговый Дом Аманат» ЖШС, «Мясной Дар» ЖК жартылай дайын өнімдері, «Патша» ұн өндірісі, «КОКО» құс фабрикалары және «Терра», «Қостанай Агро Продукт» ЖШС қасапханалары.

Аудит барысында халал стандарты бойынша кәсіпорындарға қойылатын талаптардың орындалуы, шикізат пен тағамдық қоспалардың шариғатқа сай болуы, өндіріс аймағының тазалығы, дайын өнімдердің тоңазытқыштар мен мұздатқыштарда дұрыс сақталуы, қызметкерлердің санитарлық тазалықты қадағалауы секілді барлық мәселелер назарға алынды.Аталған кәсіпорындар өндірісі мен қызметінің, дайын өнімдерінің бекітілген халал стандарты талаптарына сәйкестігі бақыланды.

Айбек Асқарбекұлы Қостанай қаласындағы Жайлаубай Ата мешітінде бейсенбілік ауызашарға жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Халал Даму» басшылығының тікелей қадағалауымен жүргізілетін республикалық көлемде жүргізілетін кезектен тыс аудит шаралары Қостанай облысында жалғасуда. «QMDB Halal» сертификатына ие болған өңірдегі өндіріс орындары жоспарлы түрде тексеріліп отырады.


Бөлісу: