ҚОСТАНАЙДА АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкіліміз Алишер Балахмет Қостанай облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында «Terra meat» және «Beef export group» қасапханалары, «МедиДез» дезинфекцялық өнімдері, «Polutory Agro», «Жас Қанат 2016» құс фабрикалары, «Торговый дом Аманат» тез дайындалатын кеспе өндірісі қадағаланды.
«Бүгінгі аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардың өндірісі, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, санитарлық тазалығы, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы жоғары деңгейде», – дейді маманымыз.