Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қараша 2023

283

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙДА АЙЛЫҚ АУДИТ АЯҚТАЛДЫ

«Халал Даму» мамандары бір апта бойы Қостанай облысындағы сертификатталған кәсіпорындарда кезекті айлық бақылау шараларын жүргізді. Айлық аудитке технолог Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті өкіл Алишер Балахмет қатысты.

Жоспарлы тексеріс барысында өңірдегі «Terra meat» қасапханасы, «Жас қанат», «Poultry Agro» құс фабрикалары, «Муслима» дәмханасы, «Happy cake» кондитерлік цехы, «Медидез» тазартуға арналған құралдар өндіруші кәсіпорын, «Суджук» шұжық цехы, «Торговый дом Аманат» кеспе дайындаушы кәсіпорын тексерілді. Сонымен қатар, «Муслима ет дүкені» мен  «Мали десерт» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Тексерістің соңғы күні сертификат алуға өтініш білдірген «Наша пекарня» наубайханасында тиісті аудит шаралары орындалды. Мамандарымыз Қостанай облысындағы бақылау-қадағалау шараларының жоғары деңгейде өткенін және тексеріс жақсы нәтиже көрсеткендігін хабарлады.


 

Бөлісу: