
ҚОСТАНАЙДА АУДИТ ЖАЛҒАСУДА
Қостанай облысындағы айлық аудит жұмыстары жалғасуда. «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Алишер Балахмет сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Тандыр» дәмханасы мен «Медидез» дезинфекциялау және жууға арналған өнімдер өндіруші кәсіпорындар жұмысын қадағалады.
Тексеру барысында «Тандыр» дәмханасындағы азық-түлік өнімдерінің құрамына, шикізат жеткізу тізбегіне, дайын тағам әзірлеу барысында қолданылатын құрал-жабдықтарға және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына баса назар аударылды.
Ал «Медидез» кәсіпорнында өндірілетін жуу және тазалау құралдарының құрамындағы қоспалар, химиялық реагенттердің қауіпсіздігі мен халал талаптарына сәйкестігі тексерілді. Зауыттың құжат айналымы, қойма жүйесі және өндіріс орнының ішкі тәртіп ережелері де бақылаудан өтті. Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға бірқатар ұсыныстар беріліп, кейбір өндіріс тараптары бойынша жетілдіру жұмыстары ұсынылды.