Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 наурыз 2023

65

Жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпорындар тексерілді

"Халал Дамудың" Бас сарапшы маманы Сафиев Даниярдың Шымкент қаласына қарасты аудандарға іс-сапары барысында  "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар мен "Magnum" ет және шұжық сататын сауда орындарын тексерді. Өңірдегі шұжық цехы, қоғамдық тамақтану орындары, ет дүкендері, сауда орындарын аралап, бекітілген халал стандарт талаптарының орындалуы мен сақталуын қадағалады.

Тексерілген кәсіпорындар қатарында:

"Шымкент құс" құс фабрикасы

"Эмир" сүт өнімдері

"Нур Даулет" ЖК шұжық өндірісі

"OTAU" ЖК жартылай дайын өнімдері

"Ет агро манкент" қасапханасы

"Абдуллаев А.И." ЖК қасапханасы

"Халал Қассаб" ЖШС қасапханасы

"Қазығұрт - БРБ" АШӨК ет комбинаты

"Сертификаттау сертификат табыстаумен аяқталмайды, керісінше тұрақты түрде бақылау-қадағалау шаралары орындалып, екі жақтың мамандары өзара әріптестік негізде жұмыс жасайды. Сертификатталған кәсіпорындарда халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы қадағаланды. Тексеріс кезінде дайын өнімдерді дайындаудан сатуға дейінгі барлық кезеңде  "QMDB Halal" стандартының орындалуына баса назар аударылды", – деген Данияр Бақзейнелұлы облысында жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін мәлімдеді.

Бөлісу: