ПАВЛОДАР: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР
Халалдың Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қасапшыларға арнайы семинар өткізілді. Семинарға облыс бойынша аудан, ауылдардан жиылған қасапшылар, ет дүкені, қасапхана қызметкерлері қатысты. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Темірғалиев Серік дәріс оқып, шариғатқа сай мал бауыздау мен ет өңдеудің талап-тәртіптерін түсіндірді.
«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет», - деді өкіліміз. Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері төңірегінде өрбіді.