Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қаңтар 2026

15

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР: «ЕВРАЗИЯ-АГРО» ҰН ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

Павлодар облысында орналасқан «Евразия Агро» ұн зауытында алғашқы аудит жұмыстары жүргізілді. Аталған кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты бойынша куәлік алуға ресми түрде өтініш білдірген.

Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Серік Темірғалиев жүзеге асырды. Тексеру барысында өндірістік үдерістер, шикізаттың шығу тегі, сақтау және өңдеу тәртібі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ құжаттамалардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты қаралды.

Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығына анықталған ескертулер мен ұсыныстар беріліп, өндірісті «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестендіру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу: