Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қаңтар 2026

8

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР: «TURKEY PVL» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Павлодар облысында орналасқан ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Turkey Pvl» құс фабрикасында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Серік Темірғалиев жүзеге асырды.

Аудит барысында кәсіпорындағы өндірістік үдерістер, шикізат көздері, құс сою тәртібі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және халал стандартына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ құжаттамалар қаралып, ішкі бақылау жүйесінің жұмысына талдау жасалды. Тексеру нәтижесінде бірқатар ұсынымдар беріліп, халал талаптарын одан әрі жетілдіру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша құс фабрикасының бірқатар қасапшыларына халал талаптарына сай жұмыс істеу құзыретін растайтын «Қасапшы куәлігі» табысталды. 

Бөлісу: