ПАВЛОДАРДАҒЫ ҚАСАПХАНАЛАРДА АУДИТ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Павлодар облысына іс-сапары барысында «Абай» және «Расул ет» қасапханаларында жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Серік Темірғалиев те қатысты.
Аудит аясында мал қабылдау, сою үдерісі, өндірістік санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар ішкі құжаттама, қадағалау журналдары және қызметкерлердің шариғат талаптарына сай мал бауыздау және те өңдеуі де назарға алынды. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын басшылығына бірқатар әдістемелік ұсыныстар беріліп, халал талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




