ПАВЛОДАР Қ.: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар қаласындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде әйел жамағатына арналған «Халал ас – жан азығы» семинар-тренингі өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы дәріс оқыды.
«Тағам – адамның дене жасушаларын қажетті қоректік заттармен қамтамассыз етіп, ағзаның дұрыс өсімі мен дамуына тікелей әсер ететін негізгі қажеттіліктердің бірі. Адам баласының туу және өліміне дейінгі барлық өмірлік циклі тікелей тағаммен байланысты. ХХ ғасырда өнеркәсіптік және технологиялық даму азық-түлік саласында біраз өзгерістер енгізді. Сондықтан, экологиялық таза, халал өніммен тамақтанудың маңызы қазіргі таңда бүкіл әлемде қолға алынуда», – деген Айжан Қалмаханқызы ас үй ханшайымдарына халалдың маңыздылығы жөнінде баяндады.