Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 шілде 2021

45

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы жақын қалды.  Бұл күні шариғат бойынша барша мұсылманға ортақ ғибадат – құрбандық шалынады. Құрбандық деп – Құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Осыған орай ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Құрбан айтта сақталуы тиіс халал стандарт талаптары» тақырыбында семинар жүргізіліп, аудан, қала мешіттерінің өкілдері, қасапшылар қатысты.

ҚМДБ «Халал Даму»ЖШС-ның өкілі Серік Темірғалиев, маманы Қазыбек Какенов "Халал Дамудың" 1:2016 стандарттының 6-шы «Қолмен мал бауыздау үрдісі» тармағына сәйкес Ханафи мазхабы бойынша құрбан айт мерзімінде мал бауыздау барысында сақталуы тиіс стандарт талаптарын семинарға қатысушыларға кеңінен талдап түсіндірді.

Сонымен қатар, "халалдың" Алланың аманаты екендігін еске салған мамандар, адал асты тұтыну – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе екенін де айтып, "халал" таңбасын заңсыз қолданып, өз өнімін адал деп жариялап жүргендер баршылық екенін ескертті. Адал ас ішудің исламдағы, жалпы адам саулығына пайдасы хақында айтылды.


Бөлісу: