Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қараша 2021

82

Жаңалықтар

Павлодар: «Шарбақты-құс» жұмыртқа өндірісі сертификатталды

Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы тағамдық жұмыртқа өндірісімен айналысатын «Шарбақты-құс» құс фабрикасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты фабрика басшылығына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы табыстады.

«Шарбақты-құс» құс фабрикасы Шарбақты ауданындағы тір­шілікті жандандыра түскен кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның құ­рама­ жем цехтары, тауық, ба­лапан тұратын корпустары да тұ­тастай еуропалық өндірушілердің жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Өндірістік үдерістердің біраз бөлігі автоматтандырылған. Микроэле­мент­терден басқа жемнің барлығы да жергілікті табиғи бидайдан дайындалады. Кәсіпорынды сертификаттау барысында мамандарының қатысуымен өндіріс алаңында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, құстың жем-азығынан бастап, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкес болуы тексерілді. Орындалған шаралар нәтижесінде акт толтырылып, технолог және шариғат мамандары «Шарбақты-құс» құс фабрикасын «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп таныды.

Бөлісу: