ПАВЛОДАР: «TURKEY PVL» КҮРКЕТАУЫҚ ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Павлодар облысына іс-сапары барысында өңірдегі ең ірі күркетауық фабрикасы «Turkey PVL» тексерілді. Бақылау шараларына жергілікті маман Серік Темірғалиев та қатысты.
«Күркетауық фабрикасы жылына 8000 мың тонна өнім өндіреді. Кәсіпорын өнімдері «Turket PVL» сауда белігісмен танылған. Бүгінде солтүстік аймақты, еліміздің өзге де алыс-жақын өңірлерін күркетауық етімен қамтамассыз етуде. Аудит барысында комбикорм зауыты, инкубация, құс сою, дайын өнімді өңдеу алаңдарының жұмысы қадағаланды. Тексеріс барысында, дайын өнімдерінің сапасы мен тазалығы жоғары бағаланды. Замануи өнім қаптамалары дайын өнімдерді 14 тәулік ешқандай консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Мамандардың толыққанды тексерісі нәтижесінде, бекітілген халал талаптарының өте жоғары дәреже орындалатынына көз жеткізілді», — дейді Айбек Асқарбекұлы.