ПАВЛОДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы мен жергілікті маман Темірғалиев Серік Павлодар облысында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын орындады. Аудит аясында «Turkey PVL» күркетауық фабрикасы, «Best milk» сүт зауыты, «Тағам» асханасы, «Pro Gast» тағамдық қоспалар қоймасы тексерілді.
«Екі күнге созылған іс-сапар барысында өңірдегі кәсіпорындарда толыққанды аудит жұмыстары орындалды. Тексеріс нәтижелері оң. Кәсіпорын қызметкерлері мен басшығына дәстүр бойынша семинар өткізілді. Сонымен қатар, сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты «Тағам» асханасына жаңартылған халал сертификаты табысталды», – деп хабарлайды маманымыз.