ПАВЛОДАРДА КЕЗЕКТІ АУДИТ
Павлодар облысында орналасқан «Халал Даму» бақылауындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын бас сарапшы-технолог Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті маман Темірғалиев Серік орындады.
«Аудит барысында «Абай» қасапханасы, «Тағам» асханалар желісі, «Есенгелді» ет дүкені, «Баянтау» қымызханасы тексерілді. Кәсіпорындардың өндіріс барысында бекітілген халал стандарты талаптарын сақтауы басты назарға алынды», – деген маманымыз өңірдегі тексеріс шараларының әлі де жалғасатынын хабарлады.