Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 мамыр 2022

53

Жаңалықтар

«Первомайские деликатесы» шұжық цехы тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Алматы облысындағы іс сапары барысында «Первомайские деликатесы» шұжық цехы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Данияр Сафиев, Әсел Сыдық, жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл жүргізді.

«Алматы облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Первомайские деликатесы» шұжық өндіру цехы. Аталған кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланып, шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді», – деген бақылаушылар цехында бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін жеткізді.

Бөлісу: