Петропавлдағы «Magnum» сертификаты уақытша тоқтатылды
Петропавл қаласы Ш.Уалиханов, 56 мекен-жайында орналасқан «Magnum» сауда орнына берілген «QMDB Halal» сертификаты уақытша тоқтатылады.
Басты себеп – өңірде «Magnum» сауда орындарының жаңа филиалдарының ашылуы. Осыған байланысты жаңадан іске қосылған өндіріс және сауда аймақтарында халал стандартқа сәйкестендіру шаралары жүргізілуде.
Жаңа сауда орындарын сертификаттару шаралары толықтай аяқталғанға дейін, Петропавл «Magnum» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдеріне «Халал Даму» жауапты еместігін хабарлаймыз!