Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 маусым 2022

47

Жаңалықтар

"ПИР" шұжық цехы тексерілді

"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы қаласындағы іс сапары барысында "ПИР" шұжық цехында ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит  шараларын орындауға жергілікті инспектор-контролер Маратхан Мұхтарханұы да қатысты.

"Халал өнімдерінің қатарында сұранысқа ие азық-түліктердің бірі – шұжық. Шұжық өндірісіндегі түрлі рецептер мен жаңа технологиялар дайын өнімнің сан алуан түрін даярлауға мүмкіндік береді. Алайда, халал шұжық өнімдеріне қойылатын талап бір – шариғат бойынша рұқсат етілген, халал стандартқа сай шикізат пен тағамдық қоспаларды қолдану, өндірісте де бекітілген талаптарды сақтау. Шұжық – өте күрделі өндірістердің бірі болғандықтан, халал өнімді халыққа ұсыну үшін кәсіби мамандар мен дін қызметкерлерінің тікелей бақылау-қадағалауын қажет етеді.  Кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, бүгін де ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары орындалды. Тексеріс барысында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді", – деді Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: