"PONCHIK" КАФЕСІ & "ELORDA ONIMDERI" СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Баспанаға, бизнеске бағыт беріп, халыққа "Dauletten" есімімен кеңінен танылған журналист, кәсіпкер Дәулет Төлеутайұлының жаңа бастамалары "Ponchic" кафесі мен "Elorda onimderi" сауда белгісімен шығарылатын сүт өнімдері "QMDB halal" сертификатына ие болды. Сертификат табыстау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы мен "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.
"Areket" кәсіпорнының "Ponchik" кафесі мен "Elorda onimderi" 2:2016 "Тамақтандыру қызметтері" және 3:2016 "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.
"Адал жолмен мал тауып, отбасына, елге адал қызмет ету – Алла Тағаланың әр мұсылманға жүктеген міндеті. Халқымыз қашанда: «Еңбегі бардың өнбегі бар», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп отыратын еді. Отбасын адал жолмен асырау мақсатында еңбек еткен адамның мерейі тасып, ырысы көбейетіні белгілі. Бұл жөнінде Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» – десе, тағы бір сүреде: «Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» – деп әмір етеді. Қарапайым халықтың арасынан шығып, халықтың сауатын ашып, кәсіпке бағыттап жүрген сіздердей азаматтарға Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін!", – деген Ершат Ағыбайұлы адал кәсіптерін "халал" таңбасымен мақұлдаған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Дәулет Төлеутайұлы да діни басқарма қызметкерлері мен "Халал ДАму" ұйымына алғысын айтты.
"Ponchik" дәмханасы мен "Elorda onumderine" берілген "QMDB halal" сертификаты 20.05.2021-19.05.2022 мерзімі аралығында жарамды.
Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан көшесі, 28/2 мекен-жайы бойынша орналасқан халықтың Дәулетінің халал "Ponchik" кафесінен дәм татуға шақырамыз!