Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қазан 2025

16

Жаңалықтар

«ПРИМА ҚҰС» ФАБРИКАСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ

Алматы облысында «Прима құс» фабрикасында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және жергілікті өкілдер Жанәбіл Жұмабеков, Өміржан Терлікбаев орындады.  

 Аудит барысында өндіріс цехтары, құрама жем дайындау және құс сою бөлімдері толық тексерілді. Мамандар кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық жағдайына, шикізат пен дайын өнімнің сақталу талаптарына, сондай-ақ қызметкерлердің халал стандарттарын сақтау деңгейіне назар аударды. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын жұмысы жалпы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай екені анықталды.  

Сонымен қатар фабрика қызметкерлеріне арналған «Халал өндіріс талаптары және стандарттарды сақтау маңыздылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттарының негізгі қағидаларын түсіндіріп, өндіріс процесіндегі әр қызметкердің жауапкершілігіне тоқталды. Сондай-ақ,  бақылау тетіктері мен өндіріс барысында жиі кездесетін қателіктер жөнінде практикалық мысалдар келтірді. Шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, халал талаптарын сақтау бойынша өз ойларымен бөлісті.

Аудит соңында Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіріп, халал өнім сапасын тұрақты сақтау маңызды екенін атап өтті.


 

Бөлісу: