Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 тамыз 2021

1397

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: БЕС БІРДЕЙ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды облысындағы бес бірдей кәсіпорын: "MEDIEVA SUSHI & PIZZA" фаст-фуд өнімдері, "Halva" дәмханасы, "Firdaus" мейрамханасы, "Тай" шұжық өнімдері, «HANI BRUNCH» кондитерлік өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов пен технолог Айзат Сатаева табыстады.

"Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, адамдар! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», – деген. Дастарханымызда ұсынған тағамымыз бен ішкен асымыздың адал болуы – халал кәсіпорындар қызметіне тікелей байланысты. Бүгінгі күні өңір бойынша сертификатталған 50-ге жуық кәсіпорын бар. Олардың өндірісі, дайын өнімдерінің таза әрі адал болуы, шариғат шарттары мен бекітілген стандарт талаптарына сай қызмет етуі тұрақты түрде қадағаланып тұрады. Осындай тыңғылықты жұмыс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде өңірде халал өнімге деген сұраныс артып, сертификаттаудан өтуге ұсыныс білдірген кәсіпорындар саны да артуда. Кәсіби тексеріс пен жіті қадағалаудан өткен "MEDIEVA SUSHI & PIZZA" фаст-фуд өнімдері, "Halva" дәмханасы, "Firdaus" мейрамханасы, "Тай" шұжық өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорындар "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды", – деп хабарлайды жергілікті өкіл Ысқақ Абдрахманов.

"MEDIEVA SUSHI & PIZZA" фаст-фуд өнімдері, "Halva" дәмханасы, "Firdaus" мейрамханасы, "Тай" шұжық цехы, "HANI BRUNCH"  кондитерлік өнімдерінің "Халал Даму" мамандары тарапынан толықтай тексеріліп, зертханалық сынақтан өткізілгендігін, аталған кәсіпорын өнімдері мен өндірісінің "QMDB Halal" стандартына сай екендігін хабарлаймыз!

Бөлісу: