ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.: «ALIFOOD» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ
Қарағанды қаласындағы кезекті жартылай фабрикат өнімдерін өндіретін "ALIFOOD" мекемесі «Халал Даму» -ң арнайы сертификатын иеленді. Аталмыш кәсіпорын «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды.
Ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстарын "Халал Дамудың" өңірлік жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс назарға алынды.
Стандартқа сәйкестендіру шаралары толықтай аяқталғаннан кейін "Қазбек би" мешітінің бас имамы, "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролері Абдрахманов Ысқақ "QMDB HALAL" сертификатын табыстады.