Қарағанды обл.: «Арай KZ» қасапханасы сертификатталды
Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Арай KZ» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Айбек Асқарбекұлы «Арай KZ» қасапхана басшылығына тұтынушыларды таза, адал ет өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы, халал инсдустриясы мен ауылшаруашылық саласын дамыту жолындағы адал еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, «QMDB Halal» сертификатының маңыздылығын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов пен ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді. Бірлесе жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «QMDB Halal» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды.
«Арай KZ» қасапханасы «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін және берілген сертификат 23.11.2021-22.11.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!