Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қараша 2021

120

Жаңалықтар

Қарағанды обл.: Кәсіпорындарда аудит жүргізілді

Қарағанды облысындағы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда кезекті ревизорлық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарова, ветеринарлық санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиев, жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов орындады.

Кезекті бақылау барысында «Qazyna» мейрамханасының ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді. Сонымен қатар халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Desert House» кондитерлік кәсіпорнында аудит шаралары жүргізілді.

Мамандар Қарағандыдағы кәсіпорындарда жүргізілген тексеріс қорытындысының оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Бөлісу: