Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қыркүйек 2021

76

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.: "SUSHI YERO" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды облысындағы "Qultay" кәсіпорнының "Sushi Yero" сауда белгісімен шығарылатын фаст-фуд өнімдері сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму" технологы Данияр Сафиев табыстады. Ревизорлық бақылау-қадағалау шараларын өңірлік өкіл Ысқақ Абдрахманов пен технолог Айзат Сатаева орындады.

"Уақыттың тығыздығы мен өмір ағысының жылдамдығына қарай адамдар да тез тамақтануды әдетке айналдырған. Сондықтан да болар фаст-фуд өнімдері көпшілікке таңсық ас емес, керісінше уақыт тапшылығына қарамастан, тез дайындалатын тағамдардың бірі. Егер сіз жылдам қарқынмен жүруге дағдыланған болсаңыз, "Sushi Yero" фаст-фуд өнімдері қарапайым, бірақ құнарлы, шариғат және халал стандарт талаптарына сай тағамдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Кәсіпорын өндірісі мен өнімдері "Халал Дамудың" технолог және инспектор-контролер мамандары тарапынан бірнеше рет тексерілді, – деген кәсіпорын өкілі адалдық таңбасына лайықты қызмет ететіндерін жеткізді.

"Sushi Yero" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 23.08.2021-22.08.2022 мерзімі аралағында жарамды. Халал өнімнен дәм татуға асыққан қала қонақтары мен тұрғындарын Қарағанды қаласы, Космонавтар көшесі, 11 мекен-жайына шақырамыз!


Бөлісу: