Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қыркүйек 2021

141

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.: "UNITEA" ШӘЙ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды облысындағы "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдері сертификатталды. Адалдықты растаушы "QMDB Halal" сертификатын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Даму" технологы Айзат Сатаева мен жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов орындады.

"Қазақстанға негізінен шай Кениядан, Үндістаннан және Ресейден жеткізіледі. Алайда қайта өңдеу мен өндіруден кейін сапасы мен дәмін сақтайтын шәйлар аз. Оның үстіне, елімізде шай бағасы жыл ішінде 6%-ға қымбаттап, ішкі нарықта шайдың сатылымы 1,5 %-ға артып отыр. Сондықтан да отандық шәй өндірісін, оның ішінде халал шәйларды дамыту аса қажет", – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына алғысын білдіріп, алдағы уақытта тұрақты тексеріс шаралары жүргізіліп, "Халал Даму" мамандарының жіті бақылауында болатындығын жеткізді.

1995 жылы өз тарихын бастаған "UNITEA" шәй өнімдері де түйіршіктелген және жапырақты, жоғары сапалы шәй өнімдерін Кения мен Үндістаннан тасымалдайды. Қанық түсті, ерекше дәмді "UNITEA" шәйлары Қазақстан ғана емес Ресей нарығында айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорынның шәй коллекциясының ішіндегі ең үздігі "Ақман" шәйі. 2015 жылы көпшілікке ұсынылған "Ақман" шәйі отандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды.  "Халал Даму" мамандарының толыққанды тексеріс қорытындысынан кейін "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнының 19 түрлі сауда белгісімен шығарылатын шәй өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.

 "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдерінің "QMDB Halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!





Бөлісу: