Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 тамыз 2021

39

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

Қарағанды облысындағы "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда кезекті ревизорлық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролер маманы Ысқақ Абдрахманов пен технолог Айзат Сатаева орындады.

Кезекті бақылау барысында "Halva" дәмханасы, "Carla's Cake", "Happy cake" кондитерлік өндірісі, "MEDIEVA suсhi&pizza" фаст-фуд өнімдері мен "Firdaus" мейрамханасының ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді. Сонымен қатар халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Unitea» шай өндірісі кәсіпорнында да аудит шаралары жүргізілді. 

Мамандар Қарағандыдағы кәсіпорындарда жүргізілген тексеріс қорытындысының  оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Бөлісу: