Қазақ радиосында "Халал Даму" мамандары
**Бүгін, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова «Қазақ радиосына» сұхбат берді.** Халық сұрауы бойынша радио желісінде бірнеше рет ұйымдастырылып отырған тыңдалым барысында «Халал Даму» ұйымының құрылуынан бастап, соңғы маңызды шаралар жөнінде сұхбаттасты. > Айбек Асқарбекұлы: «Алла тағаланың жер бетіндегі барлық нәрсені тек адамның игілігі үшін жаратқаны белгілі. Аспан мен жердің арасындағы ұшқан құс, жүгірген аң, сан түрлі жеміс-жидек, көкөніс бәрі де – қазынасы мол Жаратушының өз пенделеріне берген шексіз нығметі.Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде экономика, саясат, дін салаларында үлкен жетістікке жетті. Бірақ, осы халал мәселесін, оны реттеу әлі де кемшін түсіп жатыр. Халал индустриясы әлемде үлкен жүйеге айналып отыр. Қазіргі күні халал нарығының қаржы айналымы 2,6 трлн долларды құрайды. Сондықтан халал стандартына қарапайым адамдардан бастап, мемлекеттік емес ұйымдар, мемлекет тарабынан да қызығушылық өте зор. Бірақ, осы қызығушылықтың соңына еріп кетпей, халал бұл – адал қызмет екендігін қаперден шығармауға тиіспіз. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы үшін халал пайда табу көзі емес. Басқарманың басты ұстанымы - елімізде халал индустриясының дамуын жолға қою». Бас-аяғы 6 жылдың ішінде "Халал Дамудың" ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда "ҚМДБ халал" сертификатын алған 450-ге жуық компания бар. Жақында ғана елімізде тұңғыш рет "Халал маркет" ашылып, www.halaldamu.kz сайты жаңартылып, іске қосылды. > Сонымен қатар, технолог Айжан Омарова косметикалық өнімдер, дене күтіміне арналған тазартушы сабын, шампунь, шаш бояғыштар, кремдер секілді өнімдердің құрамында кездесетін күмәнді қоспаларға тоқталып, халал косметикалық өнімдердің жасалу технологиясы мен ерекшеліктерін кеңірек тарқатып баяндады. ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 17.16.02.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/119/e0c/5fc119e0c5a9e589168392.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 10.12.51.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/115/d02/5fc115d02f1a7176518978.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 10.12.51 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/115/edc/5fc115edc4a8c484188859.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 17.16.04.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/115/fcf/5fc115fcf165e160403979.jpeg)