Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 тамыз 2024

609

Жаңалықтар

QAZAQSTAN-QYZYLJAR ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Солтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында жергілікті «Qazaqstan-Qyzyljar» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып өтті.

«Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда», – деген А.Асқарбекұлы тілші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, алдағы күндері солтүстік Қазақстан облысындағы сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит шаралары жүргізілетінін жеткізді.


Бөлісу: