«AS QAZYNASY» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Астана қаласындағы «Мира Мағзұм» кәсіпорнының «As Qazynasy» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Сертификаттау барысында аталған кәсіпорын аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары орындалып, технолог мамандар бірнеше рет аудит жүргізді. Қолданыстағы өнімдер тиісті зертханалық сынақтан өткізіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар да ұйымдастырылды.
«As Qazynasy» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 07.12.2023 – 06.12.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 110.