Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 сәуір 2025

90

Жаңалықтар

«QMDB HALAL» ЛОГОТИПІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ

«QMDB Halal» логотипін заңсыз пайдалану фактілері бойынша «Халал Даму» мекемесі тарапынан тиісті құқықтық шаралар қабылданды. Атап айтқанда, логотипті рұқсатсыз қолданған кәсіпорындар – «Дедов», «BLIC Terminal», «Qazaq Corporation» және «Садыков» (сауда белгісі – «Южное солнце») – Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және тұтынушылар құқығын қорғау салаларындағы заңнамаларын бұзғаны үшін сотқа берілді.

Сот ісі барысында аталған кәсіпорындардың «QMDB Halal» логотипін тиісті келісімшартсыз, сертификатталмаған өнімдерде қолданғаны дәлелденді. Нәтижесінде аталған кәсіпорындарға тиісті көлемде айыппұл тағайындалды.

Бұл құқықтық іс-шаралар халал стандарттарының сақталуын бақылау, тұтынушылардың құқығын қорғау және нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. «Халал Даму» ұйымы алдағы уақытта да «QMDB Halal» логотипін заңсыз пайдаланушылардан қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.

Бөлісу: