«QMDB HALAL» ӨНІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің әр өңірінде облыстық деңгейде халал өнімдер жәрмеңкесін өткізуді тапсырған болатын. Осы орайда, Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастырумен қалада алғаш рет халал өнімдер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысты.
«Жәрмеңкенің басты мақсаты – халыққа халал сертификатын алған өнімдерді таныстыру және кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтып, өзара әріптестікке жол ашу», – деген Айбек Асқарбекұлы көрменің жоғары деңгейде өткенін жеткізді.
Халал өнімдері насихаттау және халыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге жергілікті жиырмадан астам кәсіпорындар қатысып, ет, шұжық, құс еті мен жұмыртқасы, кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, фаст-фуд секілді тағы да басқа өнім түрлері ұсынылды.