«QMDB HALAL» ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «QMDB Halal» оқыту орталығында жергілікті кәсіпкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Қалмаханқызы өткізді.
Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындар аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалардың халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды.
Айта кетейік, еліміздің барлық өңірлерінде сертификатталған кәсіпорын қызметкерлерінің халал турасында біліктілігін арттыру, үгіт-насихат шараларын жетілдіру қолға алынған болатын. Семинар жұмыстары елордасы Астана, Алматы қаласы мен облысы, Шымкент қалаларында белсенді түрде атқарылуда.