Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 тамыз 2022

48

Жаңалықтар

Қонаев қалалық орталық мешітінде семинар

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің ұйымдастыруымен Қонаев қалалық орталық мешітінде халал турасында оқу-семинары мен «Халал - шариғат талабы» кітабының таныстырылымы өтті.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Жанәбіл Жұмабеков: «Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде мағұлмат берді. Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Бөлісу: