Қордай: "Аль-халал"шұжықтары қайта тексерілді
**«ҚМДБ халал» сертификаты отандық ғана емес, шет елдік кәсіпорындарға да берілетін халықаралық сертификат. Қазіргі таңда «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасайтын кәсіпорындар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей секілді көршілес елдерде де бар. Қандай да бір кәсіпорынға берілетін сертификат ұзақ мерзімді бақылау-қадағалау шаралары мен зертханалық тексеріс қорытындысының оң нәтижесінен соң ғана табысталады.** «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен шет елдік өнімдердің бірі – «Аль-халал» шұжықтары. Алайда, Қордайда орналасқан бұл шұжықтарды өндіруші «Дильнұр» кәсіпорнына берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі аяқталған болатын. Қайта сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін «Халал Даму» мамандары бір айда үш рет бақылау-қадағалау шараларын орындады. Ал, бүгінгі кезектен тыс аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбіл өткізді. «Халал Даму» мамандарының қатысуымен үшінші рет өткізілген бақылау-қадағалау шараларының қорытындысы бойынша, «Аль-халал» шұжық цехында стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді, өндірісте қолданатын шикізат көздері мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан бекітілген, лабораторияда тексерілген өнімдер екендігі анықталды. «Дильнұр» шұжық цехы шығаратын «Аль-халал» шұжықтары қазіргі таңда «Сертификат мерзімі аяқталған» кәсіпорындар тізімінде тұрғандығын, сертификаттау шаралары әлі де жүргізіліп жатқандығын ескертеміз. «ҚМДБ халал» сертификаты сертификаттау процессі толықтай аяқталғаннан кейін ғана табысталатын болады. ![WhatsApp Image 2021-02-18 at 09.29.08.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/dff/04d/602dff04dd443664825573.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-18 at 09.29.14.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/dff/0ca/602dff0ca05c5193565377.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-18 at 09.29.15.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/dff/17c/602dff17c975b270540367.jpeg)