Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қыркүйек 2021

32

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Akmechet» орталық мешітінде әйел жамағатына арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті. Семинарды "Халал Дамудың" бас сапаршы технологы Айжан Омарова өткізді.

"Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандыларға аса маңызды.  Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол.  Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты", – деген Айжан Қалмаханқызы "Халал Даму" қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат берді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп,  дәріс тыңдаушылары білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

 

Бөлісу: