ҚОСТАНАЙ ОБЛ.: "АРУ АНА-2010" ҰН ӨНДІРІСІ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Даму" мамандарының Қостанай облысындағы іс сапары жалғасуда. Бүгін бас сарапшы технолог Айжан Омарова бидай өнімдерін өндіруші отандық «Аруана-2010» кәсіпорнында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
"Мекеменің «Патша» және «Тұмар» сауда белгісімен шығарылатын жоғарғы, бірінші, екінші сортты ұндары еліміз ғана емес, көрші мемлеккеттерге де экспортталады. Кәсіпорын күніне 300 тонна бидай өңдеуге қауқарлы. Өндіріс орны соңғы техникалық құрылғылармен жабдықталып, толықтай автоматтандырылған. Ревизорлық тексеріс барысында бекітілген «Халал өнімдерді өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады", – деп хабарлайды Айжан Омарова.