Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2022

43

Жаңалықтар

Қостанай обл.: Кәсіпорындарда тексеріс жүргізілді

«Халал Дамудың» Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Алишер Балахметтің басшылығымен Қостанай облысындағы кәсіпорындарда ревизорлық бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында «МедиДез» дезинфекцялық өнімдері, «Polutory Agro», «Жас Қанат 2016» құс фабрикалары, «Торговый дом Аманат» тез дайындалатын кеспе өндірісі қадағаланды. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті имамдар да қатысты.

«Тексерістің алғашқы кезегінде «МедиДез» кәсіпорны тексерілді. Қазіргі эпидемиялық жағдайда ауру қоздырғыш бактериялармен күресіп, инфекциялық микробтардың таралу қаупін азайтуда «МедиДез» тазартушы препараттары таптырмас құрал. Бақылау-қадағалау шараларының соңғы легінде «Polutory Agro», «Жас Қанат 2016» құс фабрикаларының өндірісі қадағаланды. Сонымен қатар, Рудный қаласында орналасқан ұнды қайта өңдеп, тез дайындалатын кеспе өнімдерін өндірумен айналысатын «Торговый дом Аманат» өндірістік цехының жұмысы да қадағаланды. Зауыт цехы жоғары сападағы кеспе өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен жарақтандырылған. Кәсіпорында енгізілген сапа стандарттары, заманауи материалдық база, үздік өндірушілерден тасымалданатын шикізат – халал әрі сапалы кеспе өнімдерін дайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардың өндірісі, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, санитарлық тазалығы, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деген Алишер Балахмет Қостанай облысындағы бақылау-қадағалау шаралары әлі де жалғасатынын ескертті.

Бөлісу: