Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 тамыз 2021

41

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ХАЛАЛ АПТАЛЫҒЫ

Қостанай облысында "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролер маманы Алишер Балахметтің ұйымдастыруымен "халал апталығы" өткізілді. Апталық барысында бірқатар кәсіпорындар "QMDB Halal" сертификатына ие болса, қасапшыларға арнайы куәлік табыс етілді. Сонымен қатар, сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталған кәсіпорындарға жаңартылған халал сертификаты табысталды.

"Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық эконо­ми­калық қатынастарды зерттеу ұйымының мәлі­метіне жүгінсек, бүгінгі таңда халал өнімді 1,5 миллиард адам тұтынады екен. Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Халал мәселесінің өзектілігі еліміздің әр өңірінде "халал өнеркәсіп пен кәсіпорындар" санын арттырып, халал индустриясын дамытуды талап етуде.  Сондықтан да Қостанай облысында тұрақты түрде "халал апталығын" ұйымдастырып, қарапайым халыққа түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижиесінде, "Хан Сарай" дәмханасы, "Север ет" ет дүкені, "Ару ана 2010" ұн комбинаты секілді кәсіпорындарға және қасапшыларға сертификат табысталды", – деп хабарлады Алишер Балахмет.

 

Бөлісу: