ҚОСТАНАЙДА ТЕКСЕРІС ЖАЛҒАСУДА
"Халал Даму" мамандарының Қостанай облысындағы бақылау-қадағалау шаралары әлі де жалғасуда. Мекеме директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен жүргізілген ревизорлық бақылау барысында "Terra meat" қасапханасы, "Торговый дом Аманат" тез дайындалатын кеспе өндірісі, "МедиДез" дезинфекцялық өнімдері және сертификат алуға өтініш білдірген "Polutory Agro", "Жас Қанат 2016" құс фабрикалары тексерілді. Аудит шараларына бас сарапшы технолог Айжан Омарова мен жергілікті инспектор-контролер Алишер Балахмет те қатысты.
"Мал еті мен ет өнімдерінің халал, шариғатқа сай болуы үшін малдың қалай бағылатыны, қандай жем-шөппен қоректенетіні, қайтіп бауыздалып, өңделетіні маңызды. "Terra Meat" қасапханасына жүргізілген тексеріс барысында осы процесстер түгелдей назарға алынады. Сонымен қатар, Рудный қаласында орналасқан ұнды қайта өңдеп, макарон өнімдерін өндірумен айналысатын "Торговый дом Аманат" өндірістік цехының жұмысы да қадағаланды. Зауыт цехы жоғары сападағы кеспе өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен жарақтандырылған. Бүкіл өнімдері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өсіріліп, мұқият қайта өңделген бидайдан өндіріледі. Кәсіпорында енгізілген сапа стандарттары, жүзден астам жоғары білікті мамандарының дәйекті жұмысы, заманауи материалдық база, үздік өндірушілерден тасымалданатын шикізат – халал әрі сапалы кеспе өнімдерін дайындауға мүмкіндік береді. Тексерістің келесі кезегінде "МедиДез" кәсіпорны тексерілді. Қазіргі эпидемиялық жағдайда ауру қоздырғыш бактериялармен күресіп, инфекциялық микробтардың таралу қаупін азайтуда "МедиДез" тазартушы препараттары таптырмас құрал. Бақылау-қадағалау шараларының соңғы легінде сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген "Polutory Agro", "Жас Қанат 2016" құс фабрикаларының өндірісі қадағаланды. Бүгінгі аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардың өндірісі, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, санитарлық тазалығы, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық" – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.
Қостанай облысындағы бақылау-қадағалау шаралары әлі де жалғасатынын естеріңізге саламыз.