Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қазан 2022

55

Жаңалықтар

Қызылорда: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды

«Халал Дамудың» Қызылорда облысы бойынша өкілі Перизат Шарапатованың ұйымдастыруымен жергілікті әйел жамағатқа арналған «Адал ас – жан азығы» оқу-семинары өткізілді. 

«Семинар – әйел қауымна  халал турасында ақпарат беріп, білімін жетілдіруге негізделген. «Ас – адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Өйткені, ол – бойға қуат сыйлайтын тәннің азығы, Алланың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда отбасына ас даярлау барысында әйел қауымы азық-түліктің халал-харамдығына мән бермей жатады. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Арамнан желініп-ішілген нәрсе қырық күн бойы бойда сақталады»,- дейді. Тағы бір хадисінде: «Адал жеу – сауап, арам жеу – күнә»,- деген. Олай болса, ішер және ұсынар асымыз қалай әрі неден жасалғанына, құрамына, халал сертификаты бар-жоқтығына мән бергеніміз жөн. Себебі, халал ас жеу  – Алланың әміріне бойұсыну», – деген маманымыз халал өнім өндіру технологиясы, тағамдық қоспалардың құрамы мен бөлінісі жөнінде мағлұмат берді.

Бөлісу: