«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қызылордадағы іссапары барысында жергілікті «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы таң, Қызылорда» бағдарламасына сұхбат берді.
«Әр жыл сайын әлем бойынша азық-түлікке 22 млрд АҚШ доллары жұмсалады, ал оның 3 миллиарды халал индустриясы саласына кетеді екен. Қазақстанда да бұл көрсеткіш жылдан-жылға артуда, тіпті, көршілес елдерді де халал өніммен қамту мүмкіндіге ие болуда. 2000 жылдармен салыстырғанда елімізде соңғы жылдары мыңдаған халал кәсіпорындар ашылды. Қазіргі таңда «Халал Даму» бақылауында 1500-нан астам кәсіпорын бар. Соның 20 шақтысы Сыр өңіріне тиесілі кәсіпорындар. Сертификатталған кәсіпорындарды бақылаумызда ұстап, тұрақты түрде аудит жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Бүгін міне, іс-сапармен Қызылорда облысына ат басын бұрып, жергілікті кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын сақтауын қадағалаудамыз», – деген А.Асқарбекұлы «Халал Даму» ұйымының атқаратын қызметі мен «QMDB halal» таңбасының маңызын түсіндіріп, БАҚ мамандарының сұрақтарына тұшымды жауап берді.