Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 шілде 2021

105

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

"Халал Даму" басшылығы мен мамандарының тікелей қатысуымен жүргізілетін кезекті өңірлік айлық тексеріс Қызылорда облысында өз жалғасын тапты. Сыр өңіріндегі сертификатталған кәсіпорындар қызметі мен өндірісін, өнімдерін бақылау-қадағалау шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласханұлы жүргізді. Ревизорлық бақылау барысында "Алменов" кәсіпорнының "Керемет ет" мұздатылған жартылай дайын фабрикаттары, "Байманова" кәсіпорнының "Арафат" кафесі және жеке кәсіпкер "Огай. В"-ға  тиесілі кәсіпорын тексерілді.

"Сыр өңіріндегі кәсіпорындарға берілген халал сертификатының басым көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарына, қасапхана және ет өңдейтін кәсіпорындарға, кондитерлік мекемелерге тиесілі. Біздің бақылауымыздағы  қасапханалар арасында мал бауыздап ет өңдеу процессін бейнебақылау арқылы қадағалауды алғашқылардың бірі болып қолға алған кәсіпорын да осы Қызылордада. Бұл өңірдегі кәсіпорындар заманауи техника мен халал технологиясын қатар ұштастырып, жаңа бастамаларды әрдайым қолдап отырады. Бүгінгі бақылау-қадағалаудан өткізілген "Арафат", "Buffet city" дәмханалары мен "Керемет ет" жартылай фабрикат өндірісі "QMDB HALAL" таңбасына деген адалдықтары мен кәсіби біліктіліктіліктерін көрсетті. Аталған үш кәсіпорын өндірісі мен қызметі бекітілген "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар", "Тамақтандыру қызметі" стандарттарына толықтай сай. Ревизорлық бақылау қорытындысы бойынша халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді", – деген Айбек Асқарбекұлы Қызылорда облысы бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындарды бақылау-қадағалау шаралары әлі де жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу: