"РАХМЕТБАЕВ" ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Жамбыл облысында орналасқан "Рахметбаев" шұжық цехы "QMDB Halal" сертификатын жаңартты. Сертификатты "Халал Даму" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Сафиев Данияр табыстады.
Технолог мамандар мен инспектор-контролердың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін аталған кәсіпорынның шұжық өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар", "Мал бауыздау және ет өңдеу" стандарттарына сай деп танылды. «Рахметбаев» шұжық цехы өндірісі мен дайын өнімдерінің "Халал Даму" мамандарының бақылауында болатындығы, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары орындалатыны ескертілілді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша "QMDB Halal" стандартына сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін 40-тан астам шұжық цехы тіркелген. Шұжық цехтарында тұрақты түрде кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары орындалып тұрады.