Рамазан айын құрметтеген кәсіпорындар
«QMDB Halal» сертификатына ие бірқатар кәсіпорындар Рамазан айына құрмет ретінде тек ауызашар уақытында ғана жұмыс жасайтынын хабарлады. Атап айтқанда, еліміздің бірқатар өңірлеріндегі «Maki Maki» және «Bahandi» фаст-фуд желілері күндізгі уақытта ас даярлау және сатуды тоқтатып, тек ауызашар және сәресінде ғана тұтынушыларға қызмет көрсетеді.
«Рамазан – жақсылық айы. Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Жаратқан иеміздің шексіз шарапаты мен шапағатынан үміт ете отырып, Рамазанның құрметіне жұмыс кестесін өзгертудеміз. Ал кешкілік ауызашар және сәресі уақытында тұтынушыларға есігіміз ашық!», – дейді кәсіпорын өкілдері.