«РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ХАЛАЛДЫҢ МАҢЫЗЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Халал Дамудың» Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов облыс имамдарына «Рамазан айындағы халалдың маңызы» тақырыбында оқу-семинар өткізді. Семинарға облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит бастаған қала, аудан, ауыл имамдары қатысты.
«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, Рамазан айында атқарылатын: ауызашар, сәресі және де түрлі азық-түлік тарату секілді қайырымдылық шараларында сертификатталған халал өнімдерді қолданудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, халал өнімдердің технологиясы, тағамдық қоспалардың құрамы, дәрі-дәрмектердің халалдығы секілді маңызды мәселелер айтылды», – дейді өкіліміз.