Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 тамыз 2021

51

Жаңалықтар

РЕСЕЙДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Ресей Федерациясындағы кезекті іс сапары барысында "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатталған жергілікті кәсіпорындарда ревизорлық бақылау жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі қадағалау барысында "Собинкский хлебокомбинат" өндіріс орны тексерістен өткізілді.

"Собинский хлебокомбинат" дәстүрлі рецепттерге негізделген денсаулыққа пайдалы, табиғи ингредиенттерден дайындалған жоғары сапалы өнім шығаратын инновациялық кәсіпорын. Нарықтық үрдістерге сүйене отырып, әр тұтынушыға түрлі баға сегменттерінде қол жетімді өнімдер ұсынады. Тексеріс барысында өнімдердің тек жоғары сапалы, халал шикізат пен ингредиенттерден жасалатындығына көз жеткіздік. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау – өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді. Сонымен қатар, барлық өнімдер Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес шығарылса, қаптамадағы ақпарат Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сай. Дайын өнімдер Ресейден бөлек Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Грузия, Сауд Арабиясы, Қытай, Ирак мемлекеттеріне экспортталады",– деген Айбек Асқарбекұлы «Собинский хлебокомбинат» кәсіпорнында жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ресей Федерациясына бағытталған іс сапар барысында ҚМДБ делегациясы  Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне қатысқан болатын, қазіргі таңда жергілікті сертификатталған кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүргізілуде.

Бөлісу: