
РЕСЕЙДЕГІ КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Мейіржан Бауыржанұлы Ресей Федерациясындағы сусын өндіруші кәсіпорында алғашқы аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорынның өндіріс процесі, шикізат пен тағамдық қоспалары, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, технологиялық желілер мен қойма аймақтары, дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау талаптары халал стандартына сай ма екендігі назарға алынды.
Тексеріс барысында кәсіпорын басшылығына халал стандартына қойылатын талаптар кеңінен түсіндіріліп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Аудит нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне бірқатар ұсыныстар беріліп, тиісті түзетулер енгізілген жағдайда «QMDB Halal» сертификатын беру мүмкіндігі қарастырылатыны айтылды.